Шымкент қалалық Әділет департаменті мен полиция департаментінің қызметкерлері контрафактілік өнімдерді өндірумен айналысқан азаматты анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы (бөтеннің тауар белгілерін заңсыз пайдалану) әрекеті бойынша іс қозғалды.
Тексеру барысында жерасты цехында спирттік ішімдіктерді құюға арналған құтыда, шығу тегі белгісіз 3 000 литр сұйықтық, сүзгі, құю жабдықтары, «Absolut» тауар белгісі бар 720, «Зеленая марка» тауар белгісі бар 1 400 бөтелке қақпақтары тәркіленді. Қазіргі уақытта әкімшілік істің материалдары сотқа жіберілді», - деді Талғат Уәли.
Әділет министрлігі қазақстандықтарды контрафактілік өнімдерді тұтынудан аулақ болуға шақырады. Контрафактілі өнімдердің құрамында адам денсаулығына зиян келтіруі ықтимал түрлі улы заттар болуы мүмкін екендігін ескертеді.