Шымкентте көпбалалы аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік қаржылай көмек беріледі

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне 18 460 теңгеден төленеді.

Фото: Kazinform

«2019 жылдан бері қала мәслихатының шешімі негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленеді» - делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Қазір таңда Шымкентте 64 134 көпбалалы ана бар, оның ішінде 12 608-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері.

Жергілікті бюджеттен бір реттік төлем аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеден төленеді.