Шымкентте көптеген жылдан бері бос тұрған мәдениет үйі мемлекет меншігіне өтеді
Шымкентте көптеген жылдан бері бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі жастар сарайы айналады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Шымкент ақпараттық коммуникация орталығы
Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі мемлекет меншігіне өтеді. Қаншама жылдан бері қаңырап тұрған ғимарат енді жастардың бас қосып, мәдени іс-шара өткізетін орталығына айналады.
«13 қараша күні фосфоршылар мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді. Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Фосфоршылар сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін», - деп жазды Ғабит Сыздықбеков.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.