Шымкентте Қазақстан Республикасына келу, болу және кету ережелерін бұзған 650 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 282 адам орналастырылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 460 шетелдікке әкімшілік кодекстің 517-бабымен хаттама толтырылды.
Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 126 шымкенттік әкімшілік кодекстің 518-бабымен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 64 жергілікті тұрғын 519-бабымен жауапкершілікке тартылды.
«Көші-қон басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс шарасын қорытындылады. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 80 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.