Шымкентте қоймадан өрт шығып, екі адам зардап шекті

ШЫМКЕНТ.KAZINFORM — Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қойма аумағында өрт шықты.

Фото: ТЖМ

Оқиға орнында қойма ғимараттарының шатыры, жүк көлігінен төгілген дизель отыны және нысан аумағында сақталған резеңке бұйымдар жанған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отынымен толтырылған жүк көлігі тұрған.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Екеуі де күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Фото: ТЖМ

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 56 адам және 30 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.

Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетелік Атыраудағы мамандандырылған мектеп-лицей өртенген еді