Мереке аясында ашылған жаңа субұрқақ лазерлік жарықпен және бейнепроекциямен жабдықталған. Ол — заманауи талаптарға сай жасалған жоғары технологиялы мультимедиалық кешен.
— Субұрқақ кешкі уақытта жұмыс істейді. Алдағы уақытта техникалық мүмкіндіктері кезең-кезеңімен жетілдірілетін болады. Сәулеттік туынды тек қаланың көркін ашып қана қоймай, серуен құрып, отбасымен демалуға арналған жаңа жайлы орынға айналатынына сеніміміз мол және шырайлы қаланың жарқын символының біріне айналары сөзсіз, — делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын 120 тонналық вагондарды сүйреген шымкенттік рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.