Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жаңбыр суының тереңдігі 50 см-ге жеткен.
Су тарту жұмыстарына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 14 мотопомпа және 30 жеке құрам өкілі, сонымен қатар жергілікті атқарушы органнан 8 техника, 1 мотопомпа, 20 адам жұмылдырылған.
Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайсыздық тудырған жауын суы толығымен тартылғанын айтты.
Біз бұған дейін 25-27 мамырдың ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз. Алдағы үш күнде республика бойынша Солтүстік циклонның әсерінен жаңбыр қар, найзағай, бұршақ жауып жел күшейетіні болжанған.
Оған дейін біраз күн сусыз отырған Алматы тұрғындары жаңбыр суын шелекпен жинаған еді.