Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жиналған материалдардың қорытындысы бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану және антты бұзудың кез келген көріністеріне қатаң жауапкершілік жүктейді. Бұрынғы сіңірген еңбегіне қарамастан, кінәлі адам нысанды киімнің ар-намысына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайды» делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында бұл полиция бастығының Азамат Айымбетов екені хабарланды.
Ол осыдан екі жыл бұрын басшысының қымбат заттар алуға мәжүрлейтінін, ақша жымқыратынын әлеуметтік желіде жариялап, Ішкі істер министрлігінен шара қолдануды сұраған еді. Осылайша көпшілікке Шымкенттегі ең адал полицей деген атпен танылған.