20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған.
Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде ұнтақ салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамасы табылды. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады.
«Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласының полиция департаменті есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет заңмен қудаланатынын ескертеді», — деп жазды ведомстводан.