ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Алдын ала мәліметтер бойынша, Арман Әбдешов Тараз қаласында «Бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу» бабында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.
Kazinform дереккөздерінің мәліметінше, ұсталу фактісі Әбдешовтің Жамбыл облысындағы қызметімен байланысты болуы мүмкін. 2020 жылдан бастап ол өңірдің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2022 жылы Тараз қаласында осыған ұқсас лауазымға тағайындалған.
Арман Әбдешов 2024 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласына ауысып, қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. 2025 жылдың 28 ақпанында аталған басқарманы басқарды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте Абай ауданы әкімдігінің ғимараты өртенгенін жазан болатынбыз.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.