Шымкентте жаздық алма мен шие екінші қайтара өнім беруде. Бұл туралы жергілікті тұрғындар видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді. Видео авторы жаздық алманың бір жылда екінші рет гүлдеп, піскенін айтады.
«Ерте пісетін алманы майдың соңында жейтінбіз. Биыл екінші рет гүлдеп, түйін салды. Қазір пісіп жатыр. Шие де қарашада екінші рет өнім беріп тұр»-дейді ол.
Ал, аталған видеоны желіге жүктеген Шымкент қаласының тұрғыны, журналист Жәмила Мамырәлі «Қайтпас» мөлтек ауданының тұрғындары алма баудан екі рет өнім алып жатқанын айтты.
«Видеоны көршім түсіріп жіберіпті. Қара бүлдіргенде гүлдеп, түйін салып жатыр»-деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.