Шымкент қаласында соңғы бір аптада қызылша ауруының таралуы бәсеңдеді.
Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқастардың саны жеті күнде 37,3% төмендеген.
Сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясына түсетін қызылшаға күдікті қоңыраулар 125-тен 94-ке дейін азайып отыр.
«Халықты қызылшаға қарсы міндетті вакциналау қажеттігін түсіндіру мақсатында 8700-ден астам ауланы аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Діни қоғам өкілдерінің қатысуымен 174 дөңгелек үстел өткізілді. Нәтижесінде ата-аналар иммунопрофилактика мәселесі бойынша емханаға жиі жүгіне бастады. Балаларды жоспарлы вакцинациямен қамту көрсеткіші 80% ұлғайды» делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.