ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте соттың шешіміне наразы болған тұрғын өзін өртемек болды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алған. Қазір қала тұрғынының өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Ер адам мүліктік мәселеге қатысты сот шешіміне наразылық білдірген.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.