Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.
«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген.
Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды», — делінген агенттік дерегінде.
Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті.