АСТАНА. KAZINFORM — Шымкент қаласында 1-5 мамыр аралығында таеквондодан (WT) жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстан 700-ге жуықс портшы қатысады деп күтіліп отыр.
Төрт күнге жоспарланған жарыста 15-17 жас аралығындағы спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Аталған Қазақстан чемпионаты жаңартылған «Daedo GEN3» электронды жүйесі бойынша өтеді.
Айта кетсек, жастар арасындағы ҚР чемпионаты нәтижесінде 2025 жылғы спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы жасақталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатын аяқтады.
Ел құрамасынан жекелей сында Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлде алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.