Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform.
«Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды», - деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.
Оның айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлаған.
Айта кетейік, бүгін таңертең Шымкентте екі жасар баланы туысы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергенін жазған болатынбыз.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.