Тексеру барысында прокурорлар 1500-ден астам үйдің орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеуі, санитарлық нормалардың бұзылуы, су инфрақұрылым нысандарының сапасыз салынуы және сумен жабдықтаудың дұрыс ұйымдастырылмауы сияқты кемшіліктерді анықтады.
- Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды. Тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді, - делінген хабарламада.
Осыған дейін прокурорлардыңҚызылорда облысында инвесторды негізсіз салынған айыппұл төлеуден босатқаны туралы хабарладық.