Шымкентте ҰҚКД-нің жаңа басшысы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы лауазымына Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев тағайындалды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі расталды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Генерал-майор Руслан Сейсембаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітірген.
1997 жылдан 2008 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет етті, ал 2008 жылдан 2023 жылға дейін осы салада басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Руслан Сейсембаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары және террорға қарсы қызмет бастығының міндетін атқарды.
Қызмет еткен жылдары II дәрежелі «Айбын» орденімен, сондай-ақ мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған.
2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді. Ол сондай-ақ ҚР ҰҚК құрметті қызметкері.
Айта кетейік, бұған дейін Дархан Сатыбалдының ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.