ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қалалық перинаталды орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған сәбилерді бүгін үйіне шығарды.
Оларға Айшах, Айлана, Айлуна есімдері берілді.
Үшемдердің анасы Ә.Әбдіқадіроваға мамандар кесір тілігін сәтті жасап шыққан.
35 аптада туған нәрестелер өкпесі дұрыс жетілмегендіктен жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
21 күн бойы дәрігерлер қадағалауында болған сәбилердің жағдайы жақсарып, қазір салмақ қосқан.
Айта кетейік, былтыр Шымкентте 31 337 сәби дүние есігін ашқан.
Оның ішінде ұл бала — 16146, қыз бала — 15191.
Еске сала кетейік, кеше Түркістан облысында 40 жастағы әйел үшем босанғанын хабарлаған едік.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.