Шымкентте вагон үстіне шыққан жасөспірімді ток соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Тұран ауданына қарасты Түргенев көшесінде болған.
«Қорғасын» теміржол станциясында вагон үстіне шыққан 15 жасар баланы электр тогы соққан.
Жарақат салдарынан жасөспірім 2 дәрежелі дене күйігімен ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі жағдайы орташа ауыр.
«Қауіпсіздік ержелерін сақтау керектігін ескертеміз. Теміржолды тек арнайы белгіленген жерден кесіп өту керек, вагон маңынан жүруге, ойнауға, оған шығуға, рельсте тұруға және отыруға тыйым салынады» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.