ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Бұрын мәслихат депутаты болған Қуаныш Дәулеталиев іздеуге жарияланғаннан кейін табылып, сот отырысына қатысу үшін сотқа жеткізілді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Дәулеталиевке сот отырысының күні мен уақыты туралы хабарланып, міндетті түрде қатысуы қажет екендігі ескертілген. Сотта оған қатысты қорлау дерегі бойынша арыз қаралды. Алайда ол хабарламаны елемегендіктен, сот оны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарды.
— Аталған қаулыны орындау міндеті Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне жүктелді. Азамат анықталып, сотқа жеткізілді, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланған болатын.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.