Алаяқты жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қалалық Полиция департаментінің киберполицейлері құрықтады. Ұсталған азамат Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында ол бұрын-соңды осы қонақ үйге бірнеше рет тоқталып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алғаны анықталды.
«Кейін, оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырады. Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын жеткізген. Сенгіш азамат бірден қажет соманы айтылған шотқа аударған» — делінген хабарламада.
Уақыт өте, алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға жайт туралы хабарлаған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.