Шымкент полициясы кінәлі адамды анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараны жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Сәбидің денесі «Нұрсат» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің маңынан табылған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 100-бабымен қылмыстық іс тіркелді.
«Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.