Атап айтар болсақ, ауыр атлетика, жекпе-жек және тағы басқа спорт түрлері ұйымдарының 19 жаттықтырушысы және 13 қызметкерлері жалған құжаттар негізінде «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» және «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер» атақтарын негізсіз алған.
«Бұл фактілер тиісті ведомстволық бақылаудың болмауынан, адами фактордан және біліктілікті беру процестерін цифрландырылмау салдарынан болған. Қаланың Антикор бастамасы бойынша олар біліктілік санаттарынан айырылған. Қазіргі таңда негізсіз төленген үстемеақыларды бюджетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр» - делінген Шымкент қаласы бойынша департаменті таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы төмен екенін хабарланған болатын.