Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, 29 жастағы жігіт қаза тапты
16:12, 14 Желтоқсан 2023
Қайғылы оқиға Қызылжар шағын ауданында болды, деп хабарлайды Kazinform.
Тұрғын үй өртенген сәтте 29 жастағы жігіт үй ішінен шыға алмай қалған. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышы немесе жылыту қазандығының жанындағы электр сымдары жанып, газ пешін балқытып, газдың ауаға тарауына себеп болуы мүмкін», - делінген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.