ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Оқиға Абай ауданына қарасты Қайнар бұлақ тұрғын алабында болған.
Жеке тұрғын үйдің шатыры мен «Нива» маркалы жеңіл көлікті өрт шалған. Салдарынан үй иесі, 1954 жылы туған ер адамның арқа тұсы мен басы күйіп қалды.
Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің 3 техникасы мен 14 қызметкері және апаттар медицина орталығының мамандары жұмылдырылды.
«Зардар шегуші ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 18:28-де оқшауланып, сағат 18:44-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.