Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесетін адамдарға заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген. Биылғы жылдың 9 айында Шымкент қаласының 5 тұрғынына департамент 8,8 млн теңгеге төледі.
«Аталған тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауынан кейін жемқорлықтың жолы кесіліп, сот үкімдері шықты. Мегаполис тұрғындары сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты хабарлауы үшін департамент тарапынан қаланың түрлі орындарында сенім телефондары жазылған жарық графика ұйымдастырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 CaII-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді» - деп жазды Қанат Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшысы күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.