Шымкентте жыл басынан бері шетелдіктермен неше азамат неке қидырған

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте шетелдіктермен отбасын құратын жұптар саны артқан.

Фото: "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы СҚОФ

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы неке тіркеу көрсеткіштеріне қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады.

Өткен жылы Шымкент қаласында 7658 неке тіркелген. Ал 2026 жылдың алғашқы төрт айында 2134 жұп ресми түрде отау құрған.

Филиалдың мәліметінше, қалада шетел азаматтарымен неке қию көрсеткіші артқан. Мәселен, 2025 жылы шетел азаматтарымен 303 неке тіркелген. Ал 2026 жылдың басынан бері 101 жұп заңды түрде некесін рәсімдеген. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 81 жұп болған.

— Шетел азаматымен некеге тұру үшін тараптар қажетті құжаттарды алдын ала дайындауы қажет. Атап айтқанда, екі азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары, сондай-ақ шетелдік азаматтың өз елінің уәкілетті органы берген некеге тұруға құқық қабілеттілігі туралы анықтамасы ұсынылады. Бұл анықтамаға міндетті түрде апостиль қойылып, қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды түрде куәландырылуы тиіс, — делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласында 7335 неке тіркелген.

Бұдан бұрын елімізде жыл басынан бері неше жұп некесін қидырғанын жазған едік.