Әлеуметтік желілерде жылқыны автокөлікке байлап, жол бойымен жетектеп бара жатқан сәт түсірілген бейнежазба тарады.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жүргізушінің кім екенін анықтады. Тексеру нәтижесінде жануардың жарақаттанбағаны белгілі болды.
– Оқиғаға байланысты жүргізушіге қатысты жануарларға қатыгездік көрсету және тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.
Полиция жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды сақтап, олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Бұған дейін Шымкент көшелерінде қараусыз жүрген жылқылар тұрғындардың наразылығын тудырғанын жазған едік.