Полиция мәліметінше, жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген.
Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік құралдары анықталып, құқық бұзушылықтар тоқтатылды.
- Барлық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 автокөлік айыптұраққа қойылды. Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды, - делінген ақпаратта.
Полиция жолда қауіпті әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті. Ведомство қандай да бір себепке немесе мәртебеге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері қатаң түрде тоқтатылып, заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Тараз – Шымкент бағытында уақытша көлік қозғалысына шектеу енгізілді.