Шымкентте жол ережесін сақтамаған 300-ден астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте көлік басқарғанда қауіпсіздік белдігін тақпайтындар көп.

Фото пресс-служба департамента полиции Жамбылской области

«Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде Шымкент қаласында 2657 заң бұзушылық тіркелді. Оның ішінде, 191-і көлік басқарып келе жатып ұялы телефон қолданған болса, 259-ы қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ал, 82-сі маневр жасау қағидасын бұзу бойынша болса, 25-і құжатсыз көлік басқарған. Сондай-ақ, жол жүру ережелерін бұзған 306 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы 62 автокөлік айыптұраққа қойылды.

«Қала полицейлері жол жүру ережелерін қатаң сақтауды және жол қозғалысына қатысушы өзге де азаматтарға құрметпен қарауды ескертеді» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.