Әлеуметтік желіде өзен үстіне орнатылған әжетхананың видеосы тарады. Онда әжетхана астынан тұп-тұнық су ағып жатқанын көруге болады. Яғни, әжетін өтеуші нәжісті сол суға ағызатыны анық. Видео авторының айтуынша оқиға Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің үстінде түсірілген.
Бұл әрекет желі қолданушылардың ашуын туғызды. Пікір жазушылар судың да сұрауы бар екенін айтып, әжетхана иесін полицияға табыстау керектігін жазды.
Ал Қошқар өзенін балансына алған дендропарк басшылығы бұл өткен жылы Алматы облысында түсірілген видео екенін жеткізді.
«Қошқар ата өзені ерекше қорғау аймағына алынған. Ал видео өткен жылы Алматы облысында түсірілген. Біз міндетті түрде полицияға шағым түсіріп, жалған ақпарат таратушыны анықтаймыз», - деді Гүлнар Сапарымбет.