Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында айтты.
– Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдадым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Университет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шешім оқу орнының тарихындағы маңызды белес әрі ұжымға артылған үлкен сенім.
Сондай-ақ университеттің көпжылдық тарихына, ғылыми әлеуетіне, қалыптасқан білім беру дәстүріне және ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға ретінде бағаланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана медицина университетіне ұлттық университет мәртебесін беру бастамасын қолдаған еді.