Шымкент қалалық перинаталды орталықтың тәжірибелі дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды. Нәрестенің анасы, Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева «Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі» диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер, әйелді кесарь тілігі жолымен босандырып алды.
Бірақ туған кезде нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалды. Дер кезінде әрекетке көшкен неонатолог-дәрігерлер жедел түрде сәбиге алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды.
Қазір бала мен анасының жағдайы жақсы.
Нәрестенің анасы, жоғарғы деңгейдегі жұмыс үйлесімін көрсетіп, перзентін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.
Еске салайық, көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 наурызда, орталықта 21 бала дүниеге келді. Оның 14 ұл бала болса, 7 қыз нәресте.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттің миллионыншы тұрғыны Айсұлу жеті жасқа толатынын жазған болатынбыз.