Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл істі Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күдікті өзінің лауазымын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыс пен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.
Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.
Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.