Шымкенттік тұрғын марихуана шегіп тұрған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
Күдіктінің іс әрекеті көшедегі бейнекамераға түсіп қалған.
Сондай-ақ ұсталған ер адамның шұлығынан марихуананың пакетке салынған бір реттік дозасы табылды.Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша тергеп жатыр.
«Күдікті есірткі шегуге арналған түтіктен дереу құтылуға тырысып, тәртіп сақшыларының көзінше оны лақтырып жіберген. Алайда, оның бұл әрекеттері көше бейнекамераларына түсіп қалды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.