Көпшілікке өзін білікті заңгер ретінде таныстырған ер адам мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арнайы төлемдер алып отыруға көмектесетінін айтқан.
Мұндай қызметтің құны 200 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін бағаланған.
Уәде етілгенін қызметті алмаған жәбірленушілер алаяқтың айласына түсіп қалғанын түсініп, полицияға арызданды.
Оларға келген жалпы шығын сомасы — 32 миллион теңге.
«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Тұран аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаскүнемді ұстады. Қазір бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген ер адам қамауда отыр»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.