Шымкенттік жүргізуші көшеге тоннаға жуық қойдың ішек қарны мен терісін төгіп кеткен
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Тәртіп сақшылары көшені ластаушы күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді.
Құқық бұзушылық туралы учаскелік инспекторлар тұрғындардың WhatsApp желісіндегі ортақ чаты арқылы білген.
Іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келгенімен, заңды жауапкершіліктен қаша алмады. Тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ, сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адамның өзіне жинатты.
Сонымен қатар, күдікті ауыл тұрғындарынан кешірім сұрады.
«Төгуге мәжбүр болдым. Көлігім оталмай қалды. Сол жерде қалып кеттім. Тастаған себебім, ертеңіне алып кетемін деген ойда болдым. Ауыл тұрғындарынан кешірім сұраймын», — деді ол.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда бірнеше көліктің үстіне ағаш құлағанын жазған болатынбыз.