Шымкенттің Төтенше жағдайлар департаментінде ауыс-түйіс болды
АСТАНА. KAZINFORM — Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 667 ж/қ бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық құрамында келесі тағайындаулар болды:
— Азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Сейтбекович Камбаров Шымкент қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бекзат Сейтбекович Камбаров 1978 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында дүниеге келген, азаматтық қорғау органдарында 2004 жылдың сәуір айынан бастап қызмет атқарады.
— Азаматтық қорғау полковнигі Огай Сергей Афанасьевич Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Огай Сергей Афанасьевич 1981 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген, азаматтық қорғау органдарында 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап қызмет атқарады.
— Ерболат Аканович Кисыков Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ерболат Аканович Кисыков 1969 жылы Қостанай облысы, Жарқайын кентінде дүниеге келген, мемлекеттік қызметте еңбек еткеніне 12 жыл толған.
— Бұл тағайындаулар Шымкент қаласы ТЖД-ның жұмысын одан әрі жетілдіруге және азаматтық қорғау саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталған. Жаңа қызметке кіріскен басшыларға сәттілік тілейміз! , — делінген қалалық ТЖД хабарламасында.
Бұған дейін Шымкентте ҰҚКД-нің жаңа басшысы тағайындалғанын жаздық.