Шымкенттің тумасы криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін азамат «C» 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform агенттігі

«Сот талқылауы барысында азамат „C“ „Binance“ платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды.

5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан», — деп жазды аймақтағы прокуратурадан.

Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.