Шыңғыс Аманжолов Абай облысы Бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды
Абай облысы Бақылау басқармасының басшысы лауазымына Шыңғыс Аманжолов тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Шыңғыс Ниязұлы 1986 жылы 6 мамырда Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы сол университетте «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуын аяқтады.
Еңбек жолын 2007 жылы «Алюминий Казахстана» АҚ Құрылыс-монтаж жұмыстары цехының 3-санаттағы шебер-бетоншысы болып бастады. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінде, Ақсу қаласының Сәулет және қала салу бөлімінде лауазымдарды атқарды.
2012 жылдан бастап ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2017 жылы Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы - мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшысы-бас құрылыс инспекторы лауазымында еңбек еткен.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Абай облысы Бақылау басқармасы басшысының орынбасары болды.