Шыңғыс Жақыпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Фото: Акорда

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.