"Шинник» футбол клубы бас директорының бұрынғы орынбасары Юрий Шишлов өзіне жасалған қастандықтан кейін ауруханада көз жұмды

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - «Шинник» футбол клубы бас директорының бұрынғы орынбасары Юрий Шишловқа тамыздың 4-інде қастандық жасалды, ол ауруханада көз жұмды. Бұл жөнінде бүгін владивостоктық «Луч-Энергия» ФК сайтында хабарланды, Шишлов соңғы бірнеше жыл көлемінде осы клубпен жұмыс жасасып келген болатын, деп хабарлайды Лента.Ру.

Шишловқа кеше, тамыздың 4-інде Мәскеудегі Сергей Макеев көшесінде кешкілік мезгілде қастандық жасалды. Бұған дейін хабарлағандай, жаттықтырушыға автомат қаруынан оқ жаудырылған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Кезінде Шишлов ярославтық «Шинник» футбол клубының бұрынғы бас директорының ісі бойынша куә болған. Өйткені ол, жеті миллион рубльді жымқырды және басқа да қылмыстар жасады деген айыппен 2010 жылдың шілдесінде бес жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын.