«Шыңжан — Қашқар» жәрмеңкесіне Қазақстаннан 10 компания қатысып жатыр

Фото: А. Мұқанова

ҚАШҚАР. KAZINFORM — Қытайда «Шыңжаң- Қашқар» Орталық және Оңтүстік Азия жәрмеңкесі басталды. Оған Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Қазақстан мемлекеттерінің тауар өндірушілері қатысып жатыр.

Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің тауар өндірушілеріне арналған Қашқар жәрмеңкесі биыл 14 рет ұйымдастырылып отыр. Ауқымды шараға Қазақстан алғаш рет қатысты.

Фото: А. Мұқанова

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының бас менеджері Әбдірашид Үсеновтің айтуынша, жәрмеңке отандық кәсіпкерлерге Қытай нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Фото: Kazinform/А.Мұқанова

«Қашқар жәрмеңкесіне» Ақмола, Солтустік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу, Алматы облыстарының кәсіпкерлері қатысуға ниет білдірді. Барлығы 10 компания. Бал, кондитерлік өнім, жеміс-жидек өндірумен айналысатын кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Мұндай жәрмеңкелер біздің отандық кәсіпкерлерге экспортқа шығуға жол ашады”, - деді ол.

Фото: Kazinform/А.Мұқанова

Десе де, Қытай нарығында ойып тұрып өз орнын алған отандық бренд те бар.

Фото: Kazinform/А.Мұқанова

«Түйе мен биенің құрғақ сүті Қытайда жоғары сұранысқа ие. Біз қазақстандық өндірушімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымызға төрт жылдан асты. Осы уақыт ішінде тұтынушылар саны айтарлықтай артты» — дейді Ли Цзя Вэй.

Фото: Kazinform/А.Мұқанова

Еске салайық, шілде айында Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының самитінде Мемлекет басшысы Қазақстан Қытайға экспортталатын астық көлемін 2 млн тоннаға жеткізуге дайын екен айтқан болатын.

Фото: Kazinform/А.Мұқанова

Сондай-ақ, келесі жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болады.

Фото: Kazinform/А.Мұқанова
Фото: Kazinform/А.Мұқанова