Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметіне сүйенсек, осы жолғы курсты Шыңжаң Ұйғұр автономиялы өлкелік Спорт мекемесінің шешімімен, автономялы өлкелік Спорт бас қоғамы жетекшілік етіп, Шыңжаң ат спорты қауымдастығы ұйымдастырған.
Шыңжаң ат спорты қауымдастығының бас хатшысы Бан Жычянның айтуынша, Шыңжаңда ат спортын, көкпар ойынын әр ұлттың халқы өте жақсы көреді. Сондықтан аз ұлттардың спорт түрлерінен ат спортының, көкпар ойынының жарыс ережелеріне негізделе отырып, осы жолғы курстық жұмыс ұйымдастырылған.
«Бұдан кейін бәйге, көкпар жарыстарына төреші болу үшін төрешілік куәлігі болуы керек. Көкпар тартатын алаңның үлкен-кішілігі, көкпар тастайтын шарбақтың биіктігі, кеңдігі, формасы қатарлыларға енді біртұтас өлшем белгіленеді. Жарыс пен төреші біртұтас жүйеге түсірілгенде ғана, Шыңжаңның ат спортының дамуына тиімді болады», — дейді Бан Жычян.
Гансу өлкесі Ақсай қазақ автономялы аудандық мәдениет, спорт және саяхат мекемесінен қызметкерлері бастап Шыңжаңда өткен курсқа арнайы команда келген. Команданың басшысы Қабылбек Қажыкейұлы айтуынша, бәйге, көкпар секілді ат ойындары әрбір өңірге туристерді баурай алады. Оған Шыңжаңның жылқы шаруашылығының дамуы, ат спортын дамытуы ерекше әсер қалдырған.
«Осы жолғы курс екі өлке арасындағы таптырмайтын орайлы сәттердің бірі болды», - дейді Қабылбек Қажыкейұлы.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, бұрын «ауыл төрешілері» куәлігі бар төрешілер болды. Енді ат спорттары анағұрлым кәсіптік деңгейде және тартымды өткізілетін болды. Шыңжаң ат спорты қауымдастығы алдағы уақытта Іле, Тарбағатай, Алтай, Қашқар қатарлы аймақтарда жалғасты курстар ұйымдастырылмақ.