АСТАНА. KAZINFORM - Шыңжаңда келесі сәрсенбі күні Ораза айтқа 1 күн демалыс беріледі және жеңіл автокөліктер ақылы жолдардағы төлемнен босатылады, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».
Аталған БАҚ-тың келтірген деректеріне сүйенсек, ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономялы өлкелік халық үкіметі кеңсесінің 2024 жылғы мерекелік демалыс күндерін орналастыруы бойынша, 10 сәуір күні Ораза айтқа 1 күн демалыс берілмек. Сонымен қатар 10 сәуір күні сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін өлке ішінде ақылы жолдарда 7 және одан аз орындық автокөліктер тегін жүре алады.
Айта кетсек, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталды. Ораза айт 10 сәуірге келіп тұр.
Ораза айт мерекесінде Қазақстанға саяхаттағысы келетіндердің арасында БАӘ туристері көбірек ниет танытқан.
Ал бүгін - күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан