Шыңжаңдық қазақтың мүйізден жасаған мүсініне Қытай халқы таңданып жатыр

Фото: Kazinform

Шынжаңдық қазақ ұлу жылының келуіне орай айдаһардың мүсінін жасап шықты. Бір ерекшелігі, бұл айдаһардың сыртқы қабыршағы, мұрты, мүйізі сияқты дене бөлшектері мүйізден жасалған, деп жазады "Harajorga".

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, шебер бұл туындысының видеосын өзінің жеке парақшасында жариялаған. Видео әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын тудырған.

Фото: видеодан кадр

Желі оқырмандары «нағыз шебер халық арасында болады» деген секілді пікірлер жазды.

Сонымен қатар, бұл қандасымыздың жануарлардың мүйізінен жасаған дала мәдениетінің салт-дәстүр қимылын бейнелейтін «бұғалықпен ат ұстау» сияқты басқада туындылары бар екен.

Фото: Harajorga