Шипажай қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені мен Алматы қаласындағы «Almaty resort» филиалы қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады.
Акция аясында Алматы филиалы шипажай аумағының 17000 м2 іргелес аумақта сенбілік өткізсе,
«Оқжетпес» «Ақбура» нысанында өткізді. Іс-шара барысында аумақ толығымен тазаланып, жиналған қоқыс көлемі бірнеше көлік тіркемесін толтырды.
Сенбілік «Ақбура» нысанының ашылуына орайластырылды, бұл нысан Мемлекет басшысының ерекше назарында. «Оқжетпес» ұжымы бұл іс-шараға қатысу арқылы экологиялық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті көрсетті.
Мұндай бастамалар тек аумақты абаттандыруға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер арасында корпоративтік рух пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өткенін жазған болатынбыз.