Шипажайдағы өрт 21 адамның өмірін қиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы шипажайда сәрсенбі күні түнде орын алған өрт 21 адамның өмірін жалмады, сонымен бірге 7 адам зардап шекті, деп жазады РИА Новости.

Оңтүстіккореялық Ренхап агенттігінің мәліметтері бойынша, зардап шеккен 7 адамның алтауының өмірі қыл үстінде. Сондықтан да қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін.

Өрттің шығу салдары туралы туралы агенттік еш ақпарат таратпады.