Американдық цунами орталығынан болуы мүмкін дүлей апат теңіздің барлық аудандарына әсер ете алатынын хабарлайды. Алып толқындар Индонезия, Үндістан, Шри-Ланка, Австралия, Таиланд, Пәкістан, Иран, Сингапур және тағы басқа елдердің жағалауларына жетуі мүмкін.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің (USGS) нақтыланған мәліметтерінше, тербелісі 8,7 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 12:38-де индонезиялық Суматра аралының батыс жағалауында болды. Гонконг обсерваториясының мәліметтерінше, жер сілкінісінің тербелісі 8,9 баллды құрады. 2004 жылы Үнді теңізінде орын алған цунами индонезиялық Ачех провинциясындағы 170 мың адамның өмірін қиып әкеткен болатын.